Қаракісі (жазылған жайдың жаңғырығы)

Қаракісі (жазылған жайдың жаңғырығы)

Мақала авторы - Жұлдызбай ЕСБОСЫНҰЛЫ Маңғыстаудың алғашқы жоғары білім алған азаматтарының бірі, мамандығы жаңылыспасам физик, көп жылдар Бейнеу өңірінде мұғалім, мектеп директоры, кейін кеңес жұмысына ауысып, Бейнеу поселкелік кеңесі атқару комитетінің төрағасы, ал тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы кеңес пен әкімдік бөлінген кезде Бейнеу аудандық кеңесі төрағасына орынбасар болды. Бұл азамат адайдың атақты үш қарасының бірі - Қаракісі ҚОНЫСБАЙҰЛЫ жайлы жақсы біледі. Өйткені, өзі сол Қаракісі ұрпағына жиен. Қаракісіден Шала, одан Өтеген, одан Сартбек. Жұлдызбай осы Сартбек болыстың жиені. Демек, оның жазып отырғанын бірден-бір шынайы де­рек көзі, деп қарастырғанымыз жөн.

Бұл жерде басты назарды Қаракісіге, оның заманында өте ықпалды адам болғанына аудару қажет. Патша тарапынан қуғында жүрген Махамбет Жем бойы мен Маңғыстауды еркін жайлап отырған адайлардан тірек, туыс іздеді. Қаракісімен де, Сүйінғарамен де, Бо- тағарамен де танысып, олармен тығыз байланыста болды. Ол кезде жеменейдің Жомартының Солтангелдісінен тарайтын төрт баласы (Солтаналы, Бегімбет, Қалша, Сары) ұрпақтары әлі бөлінбеген, татулығымен, дәулетімен, қонақжай сахилығымен және көптігімен ел ауызында аңыз болып жүрген-ді. Қараш Ыбырайым ахун өзінің «Адай тегі» дастанында:

Төрт арыс Солтангелдіден,
Табылмады осал жан.
Қыз-келіні ажарлы,
Қымбат киім жасанған.
Бәрі мырза қайырлы,
Адам жоқ артық атанған,
Қаракісі бегімбет,

Білімді еді қашаннан...- деп тебіренеді. Шын мәнінде Ыбырайым Құлбайұлының өзі де Қаракісіге жиен болатын. Жеменейді Қаракісі, жарыны Сүйінғара, бәйімбетті Ботағара басқаратын. Махамбет адайларды сүйеніш қылғысы келме- се, отбасысы бар Қосымға өзімен талай жорыққа бірге шығып жүрген, сүйікті қарындасын ұзатпас еді.

«Татулыққа да тіл тиеді». Жомарт бабадан бері сахилықтары ел ауызында аңызға айналған, үйлерінің есіктерін бір-біріне қарата тігетін, бір апта көріспесе сағынысып қалатын, келіндері үлкендеріне «ағекелеп» сәлемін жазбайтын, үлкендері кішілерін қамқорлап, табыстарын есептеспей-ақ бөлісе беретін, Бозашы, Шетпе өңірлерін жайлап отырған төрт ағайынның араларынан күншілдердің айдап салма өсектерінің кесірінен «қарамысық» өтіп кетеді де, бітіспестей бо­лып, екіге айырылады. Яғни, Қалша мен

Сары балалары қонысында қалады да, Қаракісі бастаған бегімбет-солтаналылар жаз жайлауы Жем бойына көшіп, қалып қойып, Қарақұмды қыстау етеді. Қаракісі енді бес жүз үй солтаналы-бегімбетті ғана басқарып қалады.

Оның азан шақырылып қойған есімін ешкім дәл білмейді. Мүмкін Қара, не Қарабала болар. Қазақта Қараев, Қарабалин, Сарбалаев, Сарбалин деген фамилиялар жетіп артылады. Не осылай бірден қой- ылған есім шығар. «Оның әуелдегі аты басқа екен, қарау істеріне орай Қаракісі атаған» деген жорамал айтушылар да табылады. Ағайындары: «шыр етіп жерге түскендегі, азан шақырылып құлағына сыбырлап қойылғаны осы, оған еш таңдануға негіз жоқ», дейді. Бірақ, оған құлақ аспай оның сәби кезіндегі есімін табуға ынтығып жүргендер баршылық. Егер шын мәнінде солай болып, табылып жатса, құба құп.

Өмір кезеңдерінде бір рудың бір бөлігі түгіл, ұлт пен ұлттар да бір-біріне са- бақтасып, бірін-бірі толықтырып жатады. «Қаракісі оқиғасы», егер әркім әртүрлі айтып жүргендей қара ниеттен туындаған болса, ол адай балалары, бәріміздің ор- тақ қасіретіміз, ал, оны негізсіз жаладан нақты дәлелдермен ақтап ала алсақ, онда ортақ мақтанышымыз. Қалай болғанда да, Қаракісіні тұлға ретінде мойындағымыз келмесе (тұлға екенін біле тұрып), онда тарихымызды түгендеп жатқан кез- де, қазақ ұлтын құрайтын ірі тайпалар- дың бірі болып табылатын Адай тарихы жартыкеш болып қалады. Мәселен, 1830­1840 жылдар шамасында Үстірт үстінде түрікмендермен болған бір шайқаста олжашы Құлбек батырға оқ тиіп бақилық болады, шіліңгір шілденің іші, сонда Қаракісі үзеңгілесі Құлбектің етін сылып алып тастап, сүйегін Бозашыдағы Қызық қауымына әкеліп жерлеген.

«Адайдың үш қарасының» бірі - Сүйінғара да кезінде халық арасындағы негізсіз таңылған қарау сөздерден арылып, баяғыда халық қаһарманына айналып кетті. Оны ақтаған зерттеушілердің бас- пасөз бетінде толассыз жарияланған мақалалары. Біздің бір мініміз - бір тұлғаны мақтағымыз келсе, оған шаң тигізбей, асыл сөз, теңеулерімізді аямаймыз да, екінші бір тұлғаны жамандағымыз келсе, бар былапыттарымызды оның үстіне құса саламыз. Сондай былапыттар Қаракісінің үстіне көп төгілген. Неге екені белгісіз, адайдың қолына қалам ұстағандары өздеріне еш қатыссыз болса да, марқұмның атына бір түкіріп, буынсыз жерге пышақ ұрып кетеді. Уақыт желі үрлеп, оның үстіне негізсіз төгілген жалаларды қазір ұшырып жатыр. Оның есімі аталған жер- де бір қозғалыс болмай қалмайды.

Қаракісі кім? Батыр ма? Көсем бе? Шешен бе? Қылмыскер ме? Бір ғажабы іздесеңіз осының бәрін бойынан табатыныңыз. Оның тұлғасын барлық болмы- сымен келер ұрпаққа ашып бере аламыз ба?

Біз жоғарыда есімін айтып кеткен, руы тоқтамыс жары Ж.Есбосыновтың «Жалғасқан өмір» кітабындағы («Информ-А», Алматы, 2008 жыл) «Қаракісі трагедиясы» атты мақаласында біраз толық мәлімет бар.

Біз сол кітапқа кірмеген Қаракісі жайындағы кейбір оқиғаларды баяндап көрелік. Жалпы адамның бәрі де - ел басқарған көсем де, сөз бастаған шешен де, қол бастаған батыр да, шаруасы шалқыған бай да, қайыр сұраған пақыр да пенде ғана. Олардың тындырған ірі- ірі жарқын азаматтық істерімен бірге, күнделікті күйбең тірліктің ұсақ-ұсақ парықсыз істері де қатар жүріп жатады. Ел табынар биік тұлғалардың да жағымсыз әрекеттері жеткілікті болмақ.

Қаракісі Сүйінғараның қарындасын екінші әйелдікке алған. Бірде қарындасы Сүйінғараға күйеуі өзіне қол жұмсайтындығы жайлы шағым айтып: «Батыр ағакем, күйеуін келіп жөнге салып кетпес пе екен?», деп сәлем жолдапты. Сонда Сүйінғара: «Даулассам дауға жеңдірмейтін, белдессем белге алдырмайтын Қаракісіге мен не істей алам. Екі тентектің бірі бәсең болмаса болмайды, қарындасым үйдегі тентектігін қойсын, тағдырына мойынын үсынсын» депті. Маңғыстау ұлт азаттық Иса-Досан көтерлісінің көсемі Тілембайұлы Иса інісі Ораққа Қаракісінің қызын айтырып, үйлендіреді, одан туған жиен-жиеншарлар осы Ақтауда тұрады. Олар: «кәрі нағашымыз «Қаракісінің қасарыспасы» біздің бойымызда әлі бар», деп отырады.

ҚОНЫСТЫ КЕҢЕЙТЕ БІЛГЕН КӨСЕМ

Ол кезде қазақтың қай руының көсемдері де қайратты жігіттерден арнайы жасақ, барымташы, қажет кезінде ұры-қарылар да ұстаған ғой. Қаракісінің де сондай адамдары болған. Ол руаралық қақтығыстарда ешкімге дес бермеген. Сөйлер сөзге де шешен, әрі қатал болған. Соның арқасында Қарақұм өңірін, Жем бойын Адайлар еркін қоныстанған. Қаракісі өз әрекеттерімен қонысын кеңей- те білген. Түрікпендердің ауылына үнемі шабуылдаған. Бірнеше рет әлім, табын мен адай араларындағы дауларға тартынбай қатысқан. Өзге рулармен арадағы дауларда көбіне адайлар жалғыз қалады да, өзгелер бірігіп кете беретін. Дауларда- жеңіске жетпедім деп жасымаған. Есесіне одан кейін де ерегесіп өршіте түскен іс-әрекеттерімен ол рулардың іргелерін өзінен сескеніп аулақ салуына, сөй- тіп қашқақтап, қоныстарын өзгертуіне ықпал еткен. Ол бір жерге айтысуға, дауласуға барар болса, алдымен ауылының алдындағы төбе басына шығып, тымағын қамшының басына іліп қойып, оны қарсы жақ етіп, оңаша салғыласып, айтысып дайындалады екен.

Заманында Қаракісіні сөзбен де, күшпен де жеңе алмай қаны қатқандар, оның сыртынан небір өсек-аяңдарды қарша боратқан. Кейбір айлакер ұрылардың, барымташылардың, кейбір ру басыларының қарау істерін де Қаракісіге жап- қан. Осыдан көп зардап шексе де, бірақ оған ол еш қыңбаған. «Қаракісі заманында зор болды, ол ісі кейін өзіне сор болды» деген афоризм бар.

Қаракісі ауыл арасының астойларындағы бәйгелеріне ғана емес, Кіші жүз өңірінен шығып, орта жүздегі, ұлы жүздегі астарға да бәйге аттарын жіберіп, талай жүлделерге ие болған.

«Мұз қырғыны» аталатын қанды оқиға шамамен 1820-1825 жылдары (нақты жылдарын айту қиын) әлімдер мен адай­лар арасында сәл нәрседен басталған дау деседі. Қазақтың рулары арасында сырт жаудан да жаман мұндай жауласулар өкінішке орай болып тұрған. Бұл даудың нүктесі Исатай мен Махамбет батырлардың араласуымен шекті Есет, кете Құдайберген, адайлар - Сүйінғара, Мәмбетнияз, Шабай, Қаракісі, Ботақара, тағы басқалардың араларындағы бітіммен бітеді. Бітім сөзін айтуды екі жақ та: «Не айтса да соған көнеміз», деп Төлепұлы Мәмбетниязға береді. Өйткені, «әлімдерден кегімді алмай тынбаймын», деп он жыл бойы әрекет еткен тұлға болатын. Сондықтан, бар жауапкершілікті артқан және бейбітшілік үшін соның шешімі қажет бо­латын. Ол: «Өткен - өреует, қалғансалау- ат!», дегенде «Әумин» деген сөз маңайды жаңғыртып жіберген. Өйткені, екі жақта барымта-сырымтадан, кикілжіңнен әбден шаршаған еді. Бұл бітім «Мәмбетни- язың сақал сипары» атауымен тарихта қалды.

 

II

Сүйінғара Адай басы саналып, үлкен руаралық дау-жанжалдарда бірігіп қимылдағандарымен, күнделікті тіршілікте Адайлардың өз араларында да анда-санда керілдесіп қалу болып тұрған (жер дауы, жесір дауы). Сүйінғара, Қаракісі, Ботағара өздері мен өздері кей мәселе үшін келісе алмай қалып отырған. Әрине, оларды араздастыратын ауылда- рының тәкті білмейтін тентектері мен телілері болатын. Олар бір нәрсені бүл- діріп келіп, өздерін ақтау үшін ағайындар арасына от жағады да, рубасын амал- сыздан өз руының намысын қорғауға мәжбүрлейді.

Жарылар Жеменейлердің жылқысын әлденеше рет барымталап кеткенімен мойындамайды. Арнайы дайындықпен жылқы үйірлеріне келіп, айғырлармен та- ласып, өздері ұнатқан биеге жанасып ке- теді екен, мүмкін көргенің сол суынның айғыры болар, мүмкін өзге болар, не болса да құлындағанша биеден көз алмаңдар», депті. Әлгі биенің бірінен туған сұр құлын шынында да тұлпар болып өскен екен.

Тұлпар десе есі кететін Қаракісі әлгіні құнан кезінде бәйгіге қосқан. Көз талдырып қараушылар бір кезде бәйге аттары келер тұстан жалғыз шаң көреді. Сонда Қаракісі: «дұрыстап қараңдаршы, алда келе жатқан баран ба екен, қылаң ба екен?», дейді. Көз алмай қарағандардың біреуі: «Біресе қылаңға, біресе баранға ұқсайды, дәл айыра алмай тұрғаным», дегенде Қаракісі: «онда бәйге біздікі, сұр жылқы терлегенде күнге шағылысып бірде қылаң, бірде баран болып көрінеді», дегені сары ханның жасағына қосылу үшін із- деп келе жатып, ұйкы кұшағында колға түскенін баян етеді:

«...Сөйле деген ұлықсат ап хан мен көптен, Бастайды жігіт кеңес өткен кептен: Жеменей - аймағымыз, Адай - затым, Қараойын Маңғыстаудың мекен еткен. Маңғыстау караойында кыстауларым, Қашаннан сол Қыдырбай жайлауларым. Күзекке күз салқыны түскен шақта, Қырыккұдык жинаушы еді елдің бәрін. Жараткан мені жалкы бір Құдайым, Жалкыға жарлылыкпен түскен уайым. Немере меніменен Жеменейде, Бар еді Мыңбай, Салбай екі байым. ...Салбайдың бәйбішесі қалған өліп, Алып еді бір жас тоқал қалың беріп. Кезінде жас шамасы он алтының, қайсы, айыру қиын. Шын оқиғалардың кейін адам сенбес аңызға айналуының бір үлгісі осы. Адамдардың өлімі ауылда болды ма, әлде жігіттер шапкыншыларды артынан куып барып, шайкасканнан бол- ды ма? Екі варианты да айтылады. Логикаға жүгінсек, кандай жауыз болса да, тумаларын бейбіт жатқан жерінен, бауыздап жүре бермейді. Жұлдызбайдың кіта- бында жазуындай, ауылда құн үшін Қа- ракісінің баласы Алтайдың ғана өлтірілуі, соңынан әркайсысы әр жакта жүрген аза- маттардың ашу бойымен жасакты соңда- рынан қуып барып соғысуы заңды.

Ал, Сәбит ӘБІШҰЛЫ ағамыздың кіта- бында, бұл окиға болатын кезде Қаракісі ауылда жок, кыдырып кеткен екен, баласы Алтайдың өлімін Ұшқан жерінде кездескен атақты Құлшық би естіртеді.

келетін жырынды жігіттер ізін жасыруға шебер болғандыктан колға түспейді. Қаракісі оларды калайда колға түсіріп, кімдер екенін әшкерелеудің жоспарын жасап, карулы жігіттерді жарамды аттармен күзетке қояды. Барымташылар жылқышылар ұйықтады-ау, деп түн ортасында жылкыға тиген мезгілде, Жеменейлер шабуылға шығады.

Құтылып кете алмасын білген барымташылар ізін жасыру үшін жылкыны тастай кашады. Жаратып жүйрік ат мініп, осы шақты тағатсыз күтіп жүрген Же- менейлер кашкындарды кұткармай, үш адамын қолға түсіргенде, олар жарылар болады. Бірак, бұл іс жария болмай, оң шешіліпті. «Сүйінғараны сыйлағандықтан босатамын сендерді, бірақ бұған дейін- гі алған жьлқьларыңды қайтарасыңдар. Маған Сүйінғараның жігіттерінен басқа- лар бата алмайтынын білгендіктен сен- дерді дайындалып күткенмін», деген ғой. Мұндай шешім тек мәрт арыстан азамат- тардың ауызынан ғана шығар болар.

СУЫН АЙҒЫР ТҰҚЫМЫ - СҰР ҚҰНАН

Солтаналы - Бегімбеттің бір байының жылқышысы үйірден екі биенің жоқ екенін көреді және әлгі үйірдің айғыры таланып, жаракаттанып калғанын бай- қайды. Іздеп жүріп екі биені иемденіп алған, құйрық-жалы төгіліп, күмісше жалтыраған, бұрын-соң бұл өңірде көрінбеген дене мүсіні сымбатты бөтен сұр айғырды көреді. Биелер де айғырға үйреніп калғандай, арка, сауырларын касынысып тұрады. Жылкышы жакындағанда әлгі айғыр екі биеден бөлініп жүре береді. Астында кашағандарды бастырмай кайыратын жүйрік аты бар жылкышы кұрығын шошаңдатып тұра куғанымен, әлгі айғыр шаңына көміп, көзден жоқ болады.

Қандай жануар екенін дәл біле алмаған жылқышы ауылға көргенін сол күйінде бұлжытпай айтып келгенде ақсақалдар: «Суын деген су жълқысы бар деп еститін- біз, белгілі бір мерзімде судан шығып дәл келіпті.

«ТОПЖАРҒАН» ХИКАЯСЫНЫҢ КЕЙІПКЕРІ КІМ?

Жұлдызбай кітабында: «Мұхам- меджан СЕРАЛИНнің «Топжарған» поэмасындағы хан Кенесарыны атының жүйріктігімен таң калдырып, тұтқынынан кұтылатын Жеменей жігіті осы Қаракісі емес пе екен, астындағы тұл- пары мүмкін әлгі сұр кұнанның есейген кезі шығар?», деген ой тастайды: «Жігіттер сұрасаңыз, затым -Адай, Астымда жүйрік емес, атым ондай. Ұйқыда қапы жатып тұтқын болдым, Мен дағы ер жігіт ем алпамсадай. Тайынан бұл торымды бағып едім,

Үкіні құйрық-жалға тағып едім.

Тұтқын ғып, текке жүрген жолаушыны, Үш жігіт мен сендерге неғып едім?» («Жеті ғасыр жырлайды», Алматы, «Жазушы», 2004, 2 том, 338 бет) -деп жағдайын айтқанмен тыңдамай олар ұй- ықтап жатқан жерінен ұстадық демей, ұрысып жүріп қолға түсірдік, деп Кенесары ханның алдына алып келеді.

Жігіт: «ұйықтап жатып қапияда қолға түстім, датым бар, хан ием, мені атыма бір мінгізіңіз, нөкерлеріңіз қусын, жетіп қолдарына түсірсе не жазаңызға да риза- мын», деген өтініш айтады. Хан астында көзге кораш жаман жабысы бар жалғыз жігіттің тілегін беріп, кілең сайдың тасындай сардарларына кудырады. Жігіт қашарында ханның қайын атасы Өтетілеу- ден көптен атпай насыбайға зейіні ауып тұрғанын айтып, шакшасын сұрап алады да, насыбайды атып болған соң, оны иесі- не бермей калтасына салып алып каша жөнеледі.

Астындағы жаман жабы сәйгүлік болып шығып, куғыншыларды шаң каптырып, құтылып кетеді де, келесі күні ер жігіт ханға кайта өзі барады. Ханның кайын атасына «мынау кешегі шакшаңыз», деп алдына тастайды. Олар шакшаға карап, келіп тұрған кашкын жігіт екенін таниды да, жігіттің жөнін сұрайды. Өзінің Кене Құдайым артық берген ажар-көрік.

Мен жүріп сол жеңгеме болдым ғашық, Айтайын бар сырымды сіздерге ашып. Көргенде олай-былай әңгіме айтсам, Жеңешем жеңдірмейді сөзге машық...» (сонда, 348 бет). Сөздің кыскасы, бір кездесуде келіншек мұның сөзіне көнбей тұрғанда үстерінен Салбай шығып, ойы белгілі болып қала- ды да алыс-жұлыс кезінде қолындағы мылтығы атылып кетіп, немере ағасын өлтіріп алады. Содан Мыңбайдың «Құбақан» деген жүйрік атын ұрлап мініп елінен кашып, ханның орыс патшасымен соғысып жүрген жасағына келе жаткан беті екен. Тұлпарын ханға сыйлайды. Ханнан тұлпарды інісі Наурызбай калап алады.

Бұл окиғаны әуелде Мұхаммеджанның әкесі Сералы ұзақ жыр қылып ауызша жырлаған екен, соның сюжетімен баласы қысқа дастан жазған ғой. «Топжарғанның» алғашқы өз нұсқасын қарап көрер ме еді? М.Сералин қазақтың тұңғыш журналистикасының негізін калаушы, казактың тұңғыш «Айкап» журналының Бас редакторы. Окиғаның негізінде шын- дык жатканы, оның кейіпкерінің Адай Жеменей жігіті болғаны да даусыз болса керек. Бірак, оны біз осы Қаракісі еді деп айта алмаймыз. Мыңбай, Салбай (мүмкін Селбай) аттас адамдар Адайдың кай руында да жетерлік. Ол үшін Кенесары ханның көтерілісі жылдарындағы Адай ішіндегі окиғаларды саралап көрген жөн.

«ҚЫРҒЫН ОҚИҒАСЫ» НАҚТЫ ЗЕРТТЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

Жалпы, бұл оқиғаның нақтылығы әлі дұрыс анықтала қойған жоқ. Қалай естісе солай, әркім әртүрлі айтады. Көбі жобамен ойдан қосылғандар. Ондай әңгімелер айтушылардың мұкаткыш, тілінің бүртігі бар шешендігіне карай түрленіп, оқиға желісі қоюланып, кей- бір тұстары мүдделі жактың пайдасы- на ыңғайланып, өзгертіле береді. Сон- дыктан, оның шындығы кайсы, коспасы

Қайсысы дұрыс? Бұндай бір-бірін жоққа шығаратын даулы әңгімелер өте көп. Тіпті, кейбір білгіштер өзі сол оқиғалардың басы-қасында болғандай өзеурей- тіндерін қайтерсің?! Қайғылы оқиғаға ұшыраған жігіттің жарының үш жыл бойғы тоқтаусыз қаралы жоқтауында: «Мақшар төріне барғанда, Қосан болсын есегің, Қосуақ болсын төсегің...», деген ызалы сөздердің екі жігітке карата айтылаты- ны бар да, Қаракісінің аты аталмайды, біз естіген тексте осы екі жігіт пен рудың ғана аты айтылады. Мәселен: «...деген батыр ел, ...деген қатын ел...», міне осы сөз жалған намыской жігіттердің зығыр- данын кайнаткан ... окиғадан кейінгі үш жыл бойғы жоктаудың иесі акыры өз максатына жетіп тынады. Бұл кім-кімнің де жүйкесін жұкартып, тоздыратын психикалық шабуыл болатын. Ақыры жүйкелеріне әсер етіп, ер азаматтарға тосын шешім кабылдатты.

«Бір әйелдің кесірі қырық қашырға жүк болыпты», деген осы. Ақыры, өзі қауіп- тенген адамдардан өшін алып тынды. Ал, ауыл көсемі өзінің тентектері мен телілерінің келеңсіз істеріне жауап береді. Қаракісі соның кұрбаны. Ағайындардың өз араларындағы алауыздық, іштарлық, керенаулық, бойкүйездік соңын осын- дай жауыздыкка жеткізген. Екі ағайынды елді Сүйінғара татуластырған, деп айты- лады. Ол екі жактың басшы азаматтарын Оғыландыдағы Бекет ата басына шакы- рып, садака бергізіп, ала жіп кестіріп, екі жақты бір-бірімен құшақтастырып түне- теді де, он жылға дейін қоныстарын бөлек ұстап, тек Наурыз кезінде ғана үлкендеріне тарту-таралғыларымен көрісіп қайтуға кеңес береді. Бір кісінің төрт баласынан тараған ұрпак он жылдан кейін кайтадан шұркырасып табысты. Бұл кезде Қаракісі де, Биет те, Сүйінғара да өмірде жок еді, тек аталарының бұл келеңсіз ұят істерін айыптап, өкінетін, туыстықты ту етіп кө- тере білетін ұрпақ өсіп жетілгенді.


Поделиться:

Назад в категорию