15 жастағы Бибісара Асаубаева гроссмейстер атағын алды

15 жастағы Бибісара Асаубаева гроссмейстер атағын алды

Қазақстанның жас шахматшысы Бибісара Асаубаева Халықаралық әйел гроссмейстер атағын алды.

Бұл атақты алу үшін халықаралық турнирлерде орындалған барлық үш норма жиналды. Бұл күн Бибісара үшін тағы бір айтулы оқиға болды. Халықаралық қазылар алқасы оны әлемнің ең үздік, болашағынан зор үміт күттіретін спортшылардың бірі деп таныды. Украинада, Одессада, оған шахматшылар үшін спорттық “Оскар” саналатын “Алтын мангуст” ордені табысталды, – деді 15 жастағы шахматшының анасы Лиана Таңжарықова.

“Алтын мангуст” ордені спортшыларға жоғары жетістіктері мен спортқа қосқан үлесі үшін беріледі.

Украинадағы халықаралық спорт сыйлығы аясында Бибісара Асаубаева биатлоннан төрт дүркін Олимпиада чемпионы Александр Тихоновпен кездесті. Ол Қазақстанға ұлы тарихи тұлғалар туралы кітабын ұсынды.


Источник: baribar.kz

Поделиться:

Назад в категорию