Адам досы – кітап

   Адам досы – кітап

     Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен.  Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. 

    «Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», - деген еді Ғабит Мүсірепов. 

  Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.  

  «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. 

  «Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол», - дейді Баус. 

  Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз.

  Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап.  

  Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де - кітап болатын.

  Сондықтан да, «кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі», - дейді Горький. 

  Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады.  

  Достар, «Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге», - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.

  Егерде сіз біздін кітапханамызға келсеніз, жана досынызды табатыныз сөзсіз. Бізде түрлі әдеби басылымдарды таба аласыз! Бізде дем алып, бір кесе шай ішіп, таңдай жібітіп, емін еркін жайғасып, қолынызға кітап алып оқуынызғы болады. Асығыс болсаныз, ұнаған кітапты уақытша алуынызға да болады. Келіңіз, кұтеміз!

 

Жұмыс кестесі

Құрметті оқырмандар!

Кітапхананың жұмыс уақыты:

Дүйсенбі - жұма: 09.30 - 17.30

Сенбі, жексенбі: демалыс.

Мекен жайымыз:

14 шағын аудан "Звезда Актау" БО

3 қабат, сол жақ қанат, 309 каб.

 

 

 


nehabar.kz
Поделиться:

Назад в категорию