Аида Балаева журналистерді сала бойынша даярлау туралы айтты

Аида Балаева журналистерді сала бойынша даярлау туралы айтты

Оның айтуынша, Ақпарат саласын дамытудың ұлттық жоспарының бір бағыты адам капиталын жетілдіру болады.

Бәрінен бұрын бұл – кадр даярлау жүйесіне қатысты мәселе. Бұл жерде әңгіме кадр сапасына баға беру емес, КАДР ДАЯРЛАУ сапасын арттырудың жолдарын іздеу туралы. Қазіргі кезде бізде экономика, медицина, қаржы жүйесі және тағы да басқа күрделі тақырыптарда хабар тарататын білікті журналистер жоқ екені жасырын емес. Редакциялар мұндай міндетті жалпы тәжірибесі бар мамандарға жүктеуге мәжбүр. Салдары – сапасыз контент, қате ақпарат тарап жатады. Сондықтан да бұл мәселелерді шешуде Ақпарат саласын дамытудың ұлттық жоспары аясында құрылатын мультимедиа бойынша білім беру тұғырнамасы үлкен роль атқарады, – деді Аида Балаева.

Министр журналистика саласындағы жас мамандар үшін грант бағдарламалары болатынын айтты. Оны әзірлеуге және іске асыруға жетекші сарапшылар қатысады.


Источник: baribar.kz

Поделиться:

Назад в категорию