Алик Шпекбаев 083 және 086 анықтамаларынан бас тартуды ұсынды

Алик Шпекбаев 083 және 086 анықтамаларынан бас тартуды ұсынды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (МҚІСЖҚА) төрағасы Алик Шпекбаев №083, №086 анықтамаларынан бас тартуды ұсынды.

Соңғы уақытта азаматтар№083, №086 анықтамаларын жинаудың қандай қажеті бар екенін айтып жүр. Бұл құжаттар шешім шығаруға еш әсерін тигізбейді. Оған қоса, осы анықтамалардың заңсыз сатылымы индустрия түрінде дамыған, – деді Алик Шпекбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа жиынында.

МҚІСЖҚА басшысы елімізде мемлекеттік қызмет түрлерін одан әрі жетілдіру қажет екенін айтты.

Мен қандай құжаттардан қиналыссыз бас тарту қажет екені жөнінде ұсыныс енгізуге үндеймін, – деді Алик Шпекбаев.


Источник: baribar.kz

Поделиться:

Назад в категорию