Ғалымдар теңіздегі пластикті ыдыратып жіберетін құрылғы ойлап тапты

Ғалымдар теңіздегі пластикті ыдыратып жіберетін құрылғы ойлап тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияның Аделаида университетінің зерттеушілері теңізді пластик қалдықтардан тазартатын шарғы (катушка) ойлап тапты. Бұл туралы Hightech сайты жазды. 

Жаңа құрылғы микропластик бөліктерін өзіне тартып алып, ластанған жерді 50% тазартады екен.

Жыл сайын теңізге 14 млн тонна пластик лақтырылады. Оның 40%-ы бір реттік пайдаланылатын пластиктер. Көптеген пластик жылдар бойы жатса да, толық жойылып кетпейді. Ол көптеген бөлшекке бөлініп, микропластикке айналады.

Зерттеуде ғалымдар бұл проблемамен күресе алатын нанотехнология туралы айтады, яғни кішкентай магнитті шарғылар химиялық реакция тудырып, теңіздегі микропластикті жойып жібереді. Нәтижесінде пластик су мен көмірқышқыл газына айналып кетеді деседі.

Зерттеудің бірлескен авторы Сяогуан Дуанның айтуынша, технология әлі "пісіп жетілмесе" де, бұл болашақта ауқымды проблеманы шешуге үлкен үлесін тигізеді деп отыр.

Шарғы азот және марганецпен көмкерілген. Бұл екі элемент жоғары реактивті оттегі молекулаларын жасап шығару үшін наношарғымен әрекеттісіп, микропластикке әсер етеді. Нәтижесінде пластик зиянсыз тұзды қоспаға айналады. Дуан мен оның командасы наномагнитті шарғыларды микропластикпен ластанған суға салып зерттеу жүргізіп көрген. Зерттеу нәтижесінде ластанған су сегіз сағаттың ішінде 30-50%-ға тазарған.


Источник: baq.kz

Поделиться:

Назад в категорию