Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы қыздың кітабы жайлы: Аса қажет әрі пайдалы

Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы қыздың кітабы жайлы: Аса қажет әрі пайдалы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter аккаунтында халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасованың жақында жарыққа шыққан кітабы жөнінде жылы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Жас шахматшы Динара Сәдуақасованың «Шахмат ойнап үйренейік» кітабы жарық көрді. Шахмат өнеріне арналған қазақ тіліндегі бұл тұңғыш туынды көпшілік қауымға аса қажет әрі пайдалы», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сенат спикері сондай-ақ кәсіби мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратованың жуырда Үлкен Алматы көлінде түсірілген видеосына қатысты пікір білдірді. «Алматылық арудың бірегей табиғи қорықтарды қоқыспен ластамау туралы үндеуін қолдаймын», - деп атап өтті спикер. 

Еске сала кетейік, Үлкен Алматы көлінде конькимен сырғанаған қыздың видеосы интернетте тез таралып, оны миллионнан астам адам тамашалаған. Вирустық ролик шетелдік әлеуметтік топтарда да жарияланды. Көптеген қолданушылар мәнерлеп сырғанаушының өнеріне және сұлу табиғатқа тәнті болып, таңдай қақты. Тіпті, ол видео америкалық шоудың да қызығушылығын туғызды.    



Источник: www.inform.kz

Поделиться:

Назад в категорию