Ақтау қалай салынды?

Ақтау қалай салынды?

Ақтауды қала қылған уран мен ура. Артық кемі жоқ тап солай. Өкініштісі, қала халқы әлі күнге сол уранның зардабын тартып келеді. Бір күні ұйқысынан оянбай қалуы мүмкін қаланың болашағында оның жалғыз қожасы «Казатомпромның» да, экология министрінің де шаруасы жоқ. Осылайша елу жыл өтті. 

Бәсеке 

Уран-атом бомбасының шикізаты, урамыз – ұран. Кеңестік саясаттың айтақшы күші. Қалай болды дейсіз ғой? 1942 жыл 2 желтоқсанда Чикаго қаласында түбі итальяндық ғалым Энрико Ферми әлемдегі алғашқы уран реакторын іске қосты. Ол жер бетінде әлі жоқ элемент плутонийді беруі тиіс болды. ал одан атом бомбасын жасалуы керек еді. аҚШ мұны қанша құпия ұстағанымен кеңестік барлау қызметі бәрін біліп отырды. Ол қызметтен бұрын академиктер Владимир Вернадский, абрам Иоффе, абрам алхианов, жас ғалымдар Игорь Курчатов, Георгий Флеровтар атом бомбасын теориялық тұрғыдан негіздеп те қойған еді. 1943 жыл. архангельск облысының түкпірі Пинега өзенінің жағасына өзгеше бір экспедиция келіп түсті. Сол топтың ішінде Михаил Николаевич АЛЬТГАУЗЕН әлдебір архивтен ағылшындар азамат соғысы кезінде сол өңірден уран өндіріп, кемемен алып кетті деген деректі оқыпты. Енді соны анықтау қажет. Уран ол уақытта геологтар үшін де құпия. Өкінішке орай, бұл жерде уран атымен болмай шығады. ағылшындар алып кеткен уран Орта азиядағы Түйемойын деген жерден өндіріліпті. Әуелде ол бөтелке әйнегіне көкшіл рең беру мен металлургияда әр түрлі қоспалар алу үшін пайдаланған екен. Германиямен соғыс бітті. Оның алдында аҚШ атом бомбасын сынақтан өткізгенін білеміз. арты Хиросима мен нагасакидегі жарылысқа әкеп соқты. Әлем сұрапыл қарудың күшін көзімен көрді. Ол қару иесі аҚШ жұмыр жердегі тіршілік тұтқасын ұстап тұрған бірден бір ел болып есептелді. Ол мүмкіндікті бұлардың қалт жібермейтіндігі және айқын еді. Әлем бір жаңа соғысқа килігерін және оның бұдан бұрынғы қырғыннан да күшті болатынын біліп, тілін кәлимаға келтірумен болды. Кешегі одақтас аҚШ пен КСрО бір сәтте қабақ астынан аңдысқан жауларға айналып шыға келді. КСрО да қайткенде де бомбалы болу үшін жанталасты. ал ол үшін алдымен уран қажет. Ол қайда? Осылайша Ленинградтағы кезінде императорлық геология институты аталған орталықтың қоймасында жатқан ресейдің жер-жерінен жиналған тау-тас үлгілерін зерттеу мәселесі көтерілді. Соның ішіндегі бір тастың радиоактивтілігі барлығы, оның Каспий маңынан алынғаны анықталады. ал ол болса, ұлан-ғайыр аймақ. Төңкерістен бұрын дербес облыс ретінде Ташкентке бағыныста болған Түркістан губерниясындағы ең үлкен облыс. Жыныстың құрамын зерттеген мамандар оны Маңғыстаудың бір жеріненау деген болжамын алға тартады. 

Мәскеуден Маңғыстауға дейін 

Маңғыстаудың өзі кең байтақ өңір. Мынау соның қай тұсынан алынған үлгі? ақыры осыны анықтау үшін арнайы экспедиция шығаруға туа келеді. Оның бірі Форт-Шевченкодан шығысқа қарай, екіншісі Красноводскіден батысқа қарай. Көліктері ат, түйе. Жарақтануы жақсы. рациялары да бар. Қолдарында салмағы 20 келілік Гейгер өлшегіш аппараты. Қырсыққанда Маңғыстаудағы экспедицияның аппараты қазіргі ақшұқыр деңгейіне келгенде түйе үстінен түсіп кетіп,бұзылып қалады да Қарақия ойы аппаратсыз зерттеледі. Жетібайға жеткенде ұшақпен арнайы маман келіп жөндеп береді. ал екінші экспедицияның жолы бола кетеді. Олар іздегенін Қарақиядан табады. Қарақия ураны осылай ашылады. альтгаузен бұл кезде Бүкілодақтық минералдық шикізат институты құрамынан бөлінген тек уран геологиясымен және ол руда технологиясымен айналысатын арнаулы секторды басқарады.артынша ол Қазақстанның уран бойынша бас геологы әрі атом шикізаты бойынша ғылыми жетекші болды. Әуелі уран іздеумен 60 шақты маман ғана айналысқан. Сол аз адамдар КСрО-дағы негізгі  кен орындарын ашып кеткенмен есімдері құпия сақталып келді. Қарақиядағы кеннің әр тоннасынан 1,5-2 грамм уран алынатын болған. Қызылқиядан да сол шама. Әуелі Қызылқиядан бастап игерілді. Ол машинамен Краснаводскіге жеткізіліп, одан кемемен Кавказға, одан әрі теміржолмен тасылғандықтан тым қымбатқа түскен. Сосын оны жауып Қарақияны игеруге көшкен. 

Зектер салған қала 

Болашақ Ақтау мен өнің өндірісі жайлы әңгіме жалпақ жұртқа 1958 жылы тарала бастады. Елді мекеннің алғаш орнаған жері – қазіргі 3ші шағын аудан орыны. Әуелі әр жерде тігілген шатырдан басталып артынан жеркепелер, сосын барактар, кейін 2-ші шағын аудандағы екі қабатты құрастырмалы ағаш үйлер бой көтерді. Бертінге дейін теміржолшылар поселкесі тұрған дөң шеті – әуежай еді. Өндірістік аймақта әскери құрылысшы батальондарынан құралған әскери бөлімдер жұмыс істеп жатты. Олардың арасындағы тек бір ғана ішкі әскер бөлімі түрмедегілерді күзетумен айналысты. Өйткені «екпінді құрылысшылардың» басым көпшілігі әскерилер мен түрмедегілер еді. Ең арзан кеңестік жұмысшы күші ғой бұлар. СССр-дің ГулаГ негіздеген қатаң тәртібі арқасында Кеңес Одағының түкпіртүкпірінен тартылған бұл контингент жұмысты жақсы істеді. Оның үстіне жоспарын артығымен орындағандар кесімді уақытынан бұрын босайтыны да оларды ынталандыра түсті. Еңбегі үшін аз да болса жалақы алады. Тамағы да басқа жердің түрмедегілерімен салыстырғанда жақсы. Ақтаудағы өндірістің басшысы Рубен Арамаисович ГРИГОРЯН болды. дивизия командиринің құқына ие, яғни генерал Григорян өте ақылды, әділ, шебер ұйымдастырушы басшы болған. «бірде ол түрмеге келіп, бәрімізді аулаға сапқа тұрғызды, – деп еске алады сол кезді көзі көргендердің бірі. – Үштөбеде шофер, тракторшылар болса, алға шығыңдар, – деді. ішінде мен де бар 40 шақты адам шықтық. Алдымыздан шолып бір өтіп алды да, 4-5 –уін кейін қайтарды. Олар белгілі бұзақылар болатын. – бауырлар, сіздер ең қажет маман болып тұрсыздар. ертеңнен бастап жаңа карьерді ашу жұмысында боласыздар. Жылдарыңызға қарай еркіндікке шығара береміз. Уәдем осы. Қалай келісеміз бе? – Келістік, – деп шу ете түстік. сау болсын айтқанында тұрды. Мерзімімізден бұрын босағанымыздың үстіне табыс та таптық. біржолата қал, пәтер береміз деген ұсыныстар да айтылды. біраз жолдастар қалып қойды». алғашқы автокөлік коллоннасы Қызылқиядан келген. Бұлар жай адамдар. Соның негізінде автобаза құрылды. Кадр қажет болды. Көп салада жұмысшы қолының жетіспеушілігі үкіметті тағы бір шараға мәжбүрледі. Қалыптасқан кеңестік тәртіп бойынша әскерге алынғандар басқа аймақтарға жіберілетін еді. Соған өзгеріс енгізіліп Маңғыстаудан шақырылғандар ақтауда қалды. Басым көпшілігі әскери құрылыс батальондарында қызмет етті. Олардың қатарында біздің Жармыш ауылынан Қолшабай, Амалхан, Аманғали, Сайын ағалар болды. Бұлай етуге бір жағынан басқа жақтың жастарының жергілікті жағдайға шыдай алмағаны да ықпал еткені құпия емес.

Уран өңдейтін цех – 1-ші шағын ауданда болды 

Тікелей уран өндірісіне қатысты кәсіпорындардың арнаулы мамандары елдің түкпір-түкпірінен әкелінді. Жоғары, арнаулы оқу орындарының түлектері жолдамамен келіп жатты. Барлығына ортақ 60 пайыз үстеме жалақы төленді. Уран өндіретін шахталарда, бастапқы өңдеу орнында одан да көп жалақы берілді.  Әсіресе ауысымға келгендер алдымен құнарлы тамақпен тамақтандырылады. 1 шағын ауданның шығыс жағында (суретте)  уранды өңдейтін шағын цех болған. Әрине, қиыншылық та аз болған жоқ. нашар азықтүлікке наразылық білдіріп, ереуілге шыққандар да болды. Басқа жақтан әкелінгендер өздерін кері апаруды талап етіп жатты. Бірден шешім қабылданып 2-3 күн ішінде портқа азық-түлік жеткізіліп жұрт тоқтаған жұмыстарын қайта жалғастырған. ізінше ақтау Москвалық жабдықтауға көшірілген. Кеңестік аяр саясат халықтың аңқаулығын мейлінше пайдаланып бақты. Әлдебір сәулелі болашақтан үміттенген жұрт аянып қалған жоқ. Өткен ғасырдың бар өркениеті, өзгерісі, жеңісі осы түсінік жемісі еді. Мына біздер де сол лек өкілдеріміз. Сосын да ол жағы бізге анығырақ. Қазір егеменді еліміздің саясатшылары «2030-ды оқсатып тастадық, енді 2050-дің де енесін ұрармыз» деп жарапазандатып жатыр ғой. Бірақ енді алдарқату оңайға соқпас. Біз мұңлықтарды қойшы, көнбіс немелер күңкілдейміз де қоямыз. ал билік тізгінін ұстап алып, шет елдерден сәулетті сарайын салып, баласының баласына жетіп артылатын қаражатын қамдап (бәрі арам жолмен жинаған байлық), бастарына күн туса тайып кетуге дайын отырған көген көздерді көріп отырған біздің балаларды, немерелерді көндіріп көріңдер. Бұлар әлден-ақ алақандарын жанып отыр. Сөз түйіні жарықтық ақтау өмірге осылай келіп еді. Қала қалыптасқан соң салынған реакторды кезінде «атом қуатын бейбіт мақсатқа пайдаланып жатырмыз, ол бізден басталды» деп дәріптеп бақтық. Тағы өтірік. Бомба жасауға плутоний керек болды. Оны алу кезіндегі орасан көп мөлшердегі жылуды су тұшытуға оңай олжа көріп пайдалана қой-ды. Әйтпесе кеңесіңнің «шөлдеп қалмасыншы» деп халықтың қамын ойлаған ештеңесі жоқ. Жаңа ғасыр өзгерісінің жемісі сол - ендігі сол қара бұқараға ақтауда орын да жоқ. Орын болмайтыны ұлтарақтай бос жер жоқ. Уран мен ураға қатысты қала тарихын қанағат тұтып ұлып қалды ұлтанды ел. 

Әбілқайыр Спан 

Фото ашық дерек көзінен алынды


Поделиться:

Назад в категорию