Ақтауда WhatsApp арқылы қызды балағаттаған ер адамға 13 мың теңге айыппұл салынды

Ақтауда WhatsApp арқылы қызды балағаттаған ер адамға 13 мың теңге айыппұл салынды

Ақтаудағы мамандандырылған әкімшілік соты WhatsApp желісі арқылы қыз баланы балағаттап, ар-намысына тиген азаматты жазаға тартты, деп хабарлайды zakon.kz Лада басылымына сілтеме жасап.

Іс материалдары бойынша, ер адам жәбірленушіге WhatsApp мессенджері арқылы оның ар-намысын қорлап, қадір-қасиетін кетіретін ғайбат сөздер сипатында хабарлама жолдаған

Сот қаулысымен Ш. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-тармағына, яғни "Ұсақ құқық бұзушылық" бойынша кінәлі деп танылып, оған бес айлық есептік көрсеткіш (13 255 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды, деп хабарлады сот.


Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию