Қазақ баласы дзюдодан Моңғолияның чемпионы атанды

Қазақ баласы дзюдодан Моңғолияның чемпионы атанды

Этникалық қазақ Серік Бердімұратұлы дзюдодан Моңғолияның чемпионы атанды. Қандасымыз 100 келі салмақта өнер көрсеткен деп хабарлайды kaznews.mn.

Ерлер мен әйелдер арасындағы дзюдо күресінен Моңғолия чемпионаты Сэлэнгэ аймағының Сүхбаатар қаласында өткен. 

Дүбірлі додада -100 келі салмақта белдескен Серік Бердімұратұлы тұғырдың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, алтын медальмен марапатталды.

Осылайша, ол Баян-Өлгий спорт тарихында алғаш рет дзюдодан ересектер арасында ел чемпионы атанып отыр.

Серік жартылай финалда 2017, 2018 жылғы ел чемпионы Г.Алтанабагана-нан басым түсіп, финалдық кездесуде қарсыласы Д.Цэрэннямды вазари ұпайымен жеңген. 

Қазақпараттың мәліметінше, Серік Бердімұратұлы Баян-Өлгейде дүниеге келген. Спортпен он жасынан бері шұғылданады.


Источник: nur.kz

Поделиться:

Назад в категорию