Қазақстан бойынша демалыс күндеріне арналған ауа-райы болжамы

Қазақстан бойынша демалыс күндеріне арналған ауа-райы болжамы

Маусымның ортасы болса да, республикамыздың солтүстік жартысында ауа райы мамыр айындағыдай, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бұл облыстарда алдағы демалыс күндерінде найзағаймен жаңбыр және күндізгі ауа температурасы плюс 10...20 градус шамасында күтіледі.

Мұндай ауа райы Қазақстанға Баренц теңізі аймағынан үздіксіз ағылып жатқан суық ауа массалар ағынымен және суық арктикалық фронтпен байланысты. Сондықтан республиканың басқа аймақтарында да тұрақсыз ауа райы, найзағаймен жаңбыр күтіледі, бірақ мұнда жылы.

Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста, жаңбырға қарамастан, күндіз ауа 25...33 дейін жылиды, ал Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз және 30...39 градусқа дейін ыстық болады.


Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию