Қазақстан президентіне үміткерді ұсынуға 19 күн берілді

Қазақстан президентіне үміткерді ұсынуға 19 күн берілді

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс сайлауда Қазақстан президенті лауазымына үміткерді ұсыну мерзімін белгіледі. Үміткерлердің арыздары 2019 жылдың 28-ші сәуіріне дейін қабылданады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кампания кезеңдерінің ұзақтығын анықтауға Конституцияның "Қазақстан Республикасы сайлау туралы" заңның 66 бабының бірінші тармағы негіз болды. 

ҚР президентін кезектен тыс сайлау кезінде сайлау шараларын өткізу мерзімін орталық сайлау комиссиясы белгілейді.

Осы жоспар бойынша президенттiкке кандидаттар ұсыну сайлау жарияланған күннен кейінгі күні басталып, яғни 2019 жылдың 10 сәуірінен, 2019 жылдың 28 сәуірінде сағат 18:00 аяқталады.

Осылайша, үміткерлерге мемлекет басшысы лауазымына ұсынылу үшін 19 күн беріледі.

Еске сала кетейік, 9 сәуір күні Қазақстан президенті халыққа үндеу жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы болатынын мәлімдеді.


Источник: nur.kz

Поделиться:

Назад в категорию