Қазақстанда қолма-қол ақшаға шектеу қою талқыланады

Қазақстанда қолма-қол ақшаға шектеу қою талқыланады

Қазақстанда қолма-қол ақшаға шектеу қою талқыланады. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Көлеңкелі экономикамен күресу үшін біз қолма-қол ақшаны қысқартып, қолма-қол ақшасыз айналымға көшу туралы талқылауға дайынбыз", - деді Ақышев. 

Оның айтуынша, Ұлттық банк қаржылық секторды жандандыру саясатын жалғастырады. 

"Несиелеуді кеңейту мақсатындағы ең маңызды шара - ол кепілді несиелерге басымдық беру туралы заңға өзгеріс енгізу. Яғни қазіргі заңға өзгертулер енгізу керек",- деді Данияр Ақышев. 

Еске салайық, қолма-қол ақшаға шектеу қою туралы 2015 жылы талқыланған еді. Сол кезде ұлттық экономика министрі болған Ерболат Досаев ақшаның 70 пайызы қолма-қол ақшадан тұруы дұрыс еместігін айтқан болатын. 

 

Источник: tengrinews.kz

Поделиться:

Назад в категорию