Бүгін – Көрісу күні

Бүгін – Көрісу күні

Еліміздің батыс өңірінің тұрғындары Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Бүгін – Көрісу күні немесе «Амал» мерекесі.

Бұл күні қыстан аман шыққан ағайын бір-бірімен амандасып, қол алысып, «Жасың құтты болсын!» деп тілек айтады, деп жазады «Қазақстан» ҰТА.

Әсіресе, жасы кішілер қала-ауылдағы ақсақал-әжелердің үйіне барып, көрісіп, ілтипат білдіреді. Жасы үлкендер кішілерге бата береді. Сондай-ақ, үлкендер қол алысып, алақандарын айқастырып жатса, әйел адамдар алдымен оң иығын, сосын сол иығын түйістіреді.

«Амал» мерекесі жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу деген мағынаны білдіреді», дейді публицист-жазушы Өтепберген Әлімгереев.

Көрісу мерекесінде әр үйде дастархан жайылып, келгендер ас пен ақтан дәм татады.


Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию