Бүгін сайлауға кандидат тіркеудің соңғы күні

Бүгін сайлауға кандидат тіркеудің соңғы күні

Журналист Қанат Әбілқайырдың болжамынша, ел үміт күтіп жүрген Тасмағамбетов бұл кезектен тыс сайлауды сырттан бақылайды. Жамбыл Ахметбеков ескі сценарий бойынша біраз "каратэ" көрсетеді.

– "Біріншіден, Президент болу үшін соңғы бес жылда мемлекеттік қызметкер болуға міндеттісің. Екіншіден, сені қоғамдық ұйым, яғни Партия ғана президенттікке ұсына алады. Бізде өзге партияға мүше мемлекеттік қызметкерлер (тұлға дәрежесіндегі) бар ма? Жоқ! Яғни, бұл жолы "Нұр Отан" супер бір кандидат ұсынады. Ол Тоқаев болуы мүмкін!

Екінші кандидатты "Ақжол" тіркетеді. Меніңше, Азат Перуашевтің жылауы бекер емес. Осы жолы бағын сынауы мүмкін. Коммунистерден Жамбыл Ахметбеков көкем ескі сценарий бойынша біраз "каратэ" көрсетеді. Ауыл партиясынан Әли Бекетаев өзі түспесе де, бір қуыршақты табуға шамасы келеді. Ел үміт күтіп жүрген Тасмағамбетов бұл сайлауды сырттан бақылайды. Жармахан Тұяқбай бастаған социалдар ел ішінен бір "мемқызметкерді" тауып жатса, сайлау көрігі қыза түсер еді. Сырым Әбдірахманов деген тағы бір күйеу бала бар. Ол елден бұрын қозғалып, "Алаш" деген партия құра алмай жүр еді. Қоғамдық ұйымдардың бірі қызық үшін оны да ұсынып қалар.

Десе де, уақыт тым шектеулі. Партиялар кандидатты сайлауға екі ай мерзім қалғанға дейін тіркетіп үлгеруі керек. Яғни, бүгін 9 сәуір күні 18-00-де кандидаттарды тіркеу тәмамдалуға тиіс. Заң солай дейді. Мәтіні міне! 2. Президенттiкке кандидаттар ұсыну сайлау жарияланған күннен кейінгі күні басталып, сайлауға екi ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады (негізі бүгін сайлауға екі ай уақыт қалып отыр. Ертең, 1 ай, 29 күн қалады). Сондықтан, Заңның осы тұсы жаңылтпаш болып кетті.

Тағы бір қызықты айта кетейік. Егер бүгін кешкі алтыға дейін екі кандидат тіркеліп үлгермесе, кандидаттарға тағы 20 күн мұрсат беріледі. Заңда "5. Егер кандидаттарды тiркеу мерзімі аяқталатын күні Президенттікке екіден кем кандидат тiркелген жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады" делінген.

Қазіргі сценарий бойынша Тоқаев бір мерзім Президент болып отырып, тізгінді Самат Әбішевке өткізіп береді...", – деп жазады ол


Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию