Білім министрі магистратураға түсу тестілеуіндегі құқық бұзушылықтар туралы айтты

Білім министрі магистратураға түсу тестілеуіндегі құқық бұзушылықтар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook желісіндегі парақшасында магистратураға түсу үшін жаңа форматтағы кешенді тестілеудің алғашқы күнгі нәтижелері туралы жазды.

"Емтихан өткізудің максималды түрде ашықтығы пен адалдығын қамтамасыз ету үшін  еліміздің барлық өңірлерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, арнайы мониторингтік топтардың және қоғамның басқа да мүшелері бақылаушылар ретінде тартылды", - деді министр. 

Ол білім беру жүйесіндегі адалдықтың жаңа стандарттарын қалыптастырып жатқанын айтты. Оның сөзінше, емтихан кезінде жалғандыққа жол беру – әлдеқайда маңызды құқық бұзушылыққа жол берудің алғашқы қадамы. 

"Біз бұл стандарттарды төмендетпейміз. Бірінші күннің нәтижесіне келетін болсақ, тестілеуге келген 5705 қатысушының 4014-і смартфонмен келген. Ал, 216 үміткер тыйым салынған заттарды пайдалану әрекеттерін жасаған, олардың нәтижелері жойылды. Сонымен қатар, 10 бөгде тұлға анықталып, материалдар құқық қорғау органдарына жолданады", - деді Аймағамбетов.

Ведомство басшысы ҚР Білім және ғылым министрлігі барлық үміткерлерді белгіленген тәртіпті сақтауға шақыратынын айтты.


Источник: baq.kz

Поделиться:

Назад в категорию