Димаш Құдайберген қатты науқастанған жанкүйерінің арманын орындады

Димаш Құдайберген қатты науқастанған жанкүйерінің арманын орындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш өзінің командасымен, яғни әкесі Қанат Айтбаев, досы Ерлан Бикчурин және жылнамашы Максим Покидов Казаньдағы балаларға арналған хосписке барып келді, деп хабарланды "Звездные секреты" YouTube-арнасында.

Ауыр дертке шалдыққан Лейсан есімді қыз бұған дейін Андрей Малаховтың бағдарламасында дертімен күресуге оған Димаштың шығармашылығы көмектесетінін айтқан. Оның сөзінше, Димаштың әндерін тыңдағанда Лейсан бүкіл өмірі алда екенін түсінеді. 

Лейсан қазақстандық танымал әншінің Казань қаласында ән шырқағанын көруді армандаған, алайда химиотерапияның бесінші курсынан өткеннен кейін ол ойын жүзеге асыра алмаған. Ал Димаш жанкүйерінің балалық арманын орындау үшін оған өзі барған.

Димаш қыздың «міндетті түрде сауығып кетемін» деген уәдесін алып, оны өзінің концертіне шақырды да, кейін өзімен суретке түскісі келетіндердің барлығымен естелік суретке түсті.

" target="_blank">

 


Источник: baq.kz

Поделиться:

Назад в категорию