Елордада IV Халықаралық ғылыми-діни конференция басталды

Елордада IV Халықаралық ғылыми-діни конференция басталды

Конференция жұмысына Еуразия және Ұлы Жібек жолы елдерінің Бас муфтилері, діни қайраткерлері, діни саладағы мемлекеттік органның басшылары, лауазымды тұлғалар, зиялы қауым өкілдері қатысуда. 

"Еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Бұл бастама жас буынға, олардың әлеуметтік тұрмыс-тіршілігіне, білім алуына айтарлықтай серпін береді", - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Серікбай қажы Ораз. 

Ғылыми-діни конференция Қари - Садуақас қажы Олжабаевтың Қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. 

Аталған конференция Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "2019 - Жастар жылы" деп жариялаған игі бастамасын белсенді қолдап, "Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі",  "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру", "Ұлы даланың жеті қыры" идеяларын рухани-діни тұрғыдан насихаттауды көздейді.


Источник: baq.kz

Поделиться:

Назад в категорию