Елордада қоғамдық көліктің кей бағытына өзгерістер енгізілді

Елордада қоғамдық көліктің кей бағытына өзгерістер енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №28 көшесі арқылы қатынайтын барлық бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №28 көше арқылы қатынайтын барлық бағдарлардың қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Жол 6 сәуірден жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жабық болады. 

«№ 46 бағдар бастапқы «Қарасу көшесі» аялдамасынан Мәңгілік ел және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысына дейін әдеттегі қозғалыс сызбасына сәйкес жүреді. Одан әрі қоғамдық көлік солға бұрылып, Ұлы Дала даңғылы арқылы  соңғы «Арнау Т/К» аялдамасына жетеді. Қоғамдық көлік кері бағытта да осы сызбаға сәйкес қатынайтын болады», – деп мәлімдеді «Астана LRT» компаниясында. 

№ 70 бағдар бастапқы «Азамат» шағынмаркеті» аялдамасынан Мәңгілік ел және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысына дейін өзгеріссіз қатынайды. Одан әрі автобус солға бұрылып, Ұлы Дала даңғылының бойымен соңғы «Арнау Т/К» аялдамасына дейін жетеді. Қоғамдық көлік кері бағытта да аталған сызба бойынша жүретін болады. 


Источник: baq.kz

Поделиться:

Назад в категорию