Lada көліктері үшін Еуропа жолды жапты

Lada көліктері үшін Еуропа жолды жапты

Германиялық БАҚ өкілдерінің айтуынша, АВТОВАЗ Еуропа нарығына жаңа автокөліктер жеткізуді тоқтатуды ұйғарыпты. Мұндай шешімге өткен күзде Euro 6d-TEMP стандартының қабылдануы себеп болған, деп жазады kolesa.kz.

Көлік қозғалтқышын аталған стандартқа сай түрлендіру көп қаржыны талап етеді, компанияның есебінше, сатылым деңгейі аса жоғары болмағандықтан, кететін шығын ақталмайды екен.

Lada-ның Германия мен Австрия нарығынан кететіні айдан анық. Сәуір айының ортасынан бастап бұл елдерге тауар жеткізілмейді. Ал дилерлер қалған көліктерді сатады.

Венгрия, Болгария, Литва елдеріндегі Lada-ның тағдыры әзірше белгісіз. Дегенмен, бұл уақыт еншісінде.


Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию