Махамбеттің қарындасы Қарашаш туралы не білеміз?

Махамбеттің қарындасы Қарашаш туралы не білеміз?

Қазақтың дауылпаз ақы- ны, батыры, бір басына барлық өнер дарыған, тарихи тұлға – Махамбет ӨТЕМІСҰЛЫның жігітке татитын бір қарындасы болыпты дегенді бұрындары еститін едім. Оның аты - Қарашаш.

Қарашаштың Жеменей ішін- дегі Бегімбет руының келіні болғанын құлсарылық нағашым Сәрсенбай ТІЛЕСҰЛЫнан есіттім. Оның айтуынша батырдың қарындасы осы бегімбет руынан шыққан Қаракісінің үш інісінің бірі Қосымның екінші әйелі болған. Олардан тараған ұрпақ Маңғыстауда, Атырау облысының Жылыой ауданында, көпшілігі Түркіменстан жерін- де өмір сүріп келген. Қазір олар Жаңаөзен, Жетібай, Боранқұл, әзірледі.

Жазғытұры болатын, бұл кезде айғырлар аттан гөрі қайратты болады. Жылқы ішінен бір жақсы айғырды, 7-8 жарамды атты ұстатып, таң асырды. Қаракісінің ішіне бүккен бір есебі бар еді.

Махамбет қайтарында Қаракісінің ауылына келіп түседі. Жолаушылар аттарының оңалып қалғанын көреді. Махамбеттің Тарлан аты танымастай күйленіп қалыпты. Қаракісі аттарға сұлы беріп, ерекше күтімге алған екен. Махамбет қатты риза болып:

- «Көрші болатындай, дәмдес болатындай азамат екенсіз», - депті.

Аттанарда қонақтардан бұйымтайларын сұрапты. Соңында өзі де бұйымтайы бар екенін келісімімді бердім. Егер інің бұрын үйленбеген болса, бір тең шешесің, егер үйленген болса, екі тең шешесің», - депті. Онысы «үйленген болса, екі есе қалың мал бересің» дегені еді. Қаракісі қуана келісіп, қол алысты.

Қарындасы Махамбеттің берген уәдесін естігенде өлеңмен:

«Желекті найза қолға алып, Оң жағыңда жүргенде Жігіттермен тең едім.

Жоғарғы Өрден жылқы айдап, Боранды күні келгенде, Балағын шалбарымның қылмен байлап, Қай жігіттен кем едім? Сырын білмей адайға, Ағаке, қалай телідің? Сылдыр-сылдыр етті де Сырғам түсті қамысқа. Бәсі келді дедің бе?

Ұрындың ба намысқа?

 

 

Бейнеу жерлеріне көшіп келді. Қаракісінің Махамбетпен танысуы, беріштермен құда болуы, Қарашаш келіннің ұрпақтары ұзақ әңгімеге арқау болғандай.

Қаракісі Исатай мен Махам- бетпен Жәңгір ханның ордасына жер мәселелерімен барған жолы танысқан.

Махамбет Маңғыстауға сапарында  қасында  7-8  жігіті бар Жем бойында бегімбет Қаракісінің үйіне қонаға жетеді. Қараңғы түсе бастаған кез. Қаракісі қарапайым киінген Махамбетті байқамай:

«Махамбеттің қосынынан боларсыздар, түсе беріңдер», – депті. Сонда Махамбет:

«Жігітті сұлу көрсеткен Қасындағы қолы екен, Тарланды сұлу көрсеткен Жоңышқа мен сұлы екен. Махамбеттің қосыны дегенің – Махамбеттің өзі екен», - деп жауап беріпті.

Қаракісі Махамбетті құшақ жая қарсы алды. Қаракісінің үш әйеліне үш үй тігілген. Бір үйін қонақтарға босатып, қонағасын білдіріпті. Махамбетке мұңын шаққандай болған Қаракісі өзінің де, інілерінің де әйелдерді сұлу деп, жақсы жердің қызы деп ала бергенін, енді туған балалардың ешкінің асығындай ұсақталып бара жатқанын, олардың ортасында әкесі Қонысбай да, тумалас төрт інісі ғана кесек тұлғалы болғандықтан «тары ішіндегі бидайдай» болып отырғандарын айтады. Қаракісі Махамбеттің бойлы-сойлы, көрікті бір қарындасы бар екенін, оның ұзатылар шағы келгенін білетін еді. Сөйтіп ол Махамбетке сол қарындасына құда түскісі келетінін жеткізеді.

Махамбет: «Күйеу бала болғысы келетін ініңді көрсет», - дейді. Қаракісінің ортаншы інісі Қосым - көрікті, палуан денелі, салмақты жігіт болатын. Махамбет Қосымды көріп, оның өздеріне қызмет көрсеткен жігіттердің бірі екенін таниды. Жігіт Махамбетке ұнайды. Махамбет:

- «Қареке, інің сайлы жігіт сияқты, сөзі де ұнады. Тумаластар қарсы болмаса, құдалыққа Қарындасың көп пе еді Жіберетіндей алысқа» – деп өкпесін айтқан.

Махамбет құдаласқан жерін, елін, жігітін мақтап: «Мен теңіңді тауып келдім. Ол жерге сен қадірлі адам боласың», - деп айтқан.

Бегімбеттер беріш ауылына құдалар жібереді. Олар құда- ларды қарсы алып, сөйлесе келе Қарашашты келіндікке беруге келіседі, бірақ «әйел үстіне барса - үш қалың мал бересіңдер» депті. Бегімбеттер әуелде ондай әңгіме болған жоқ еді, бұл қалай деп бір-біріне қарапты. Сол кезде құдалардың ішінде Қаракісінің інісі Жолболды отыр еді. Ол: «біз үш қалың мал бермейміз, біз төрт қалың береміз» депті. Со- нымен сөз бітіп, құдалар қыз ұзатудың басқа да жайларына уәделескен.

Сөйтіп Қарашаш Қаракісіге келін болып түсті. Абысындары «Қарашашқа бізден төрт есе көп мал беріп алды, оның несі артық» деп күндеушілік жасап жүрді. Ал Қарашаш Қаракісі қайнағасына арқа сүйеп, келіндерге бас болды. Қарашашты «Қареке» десе Қаракісінің аты айтылып кететін болғасын, бір себептермен «Сәкең» деп атаған. Содан «Сәкең жеңгей», «Сәкең шешей» аталып кеткен. Ол өмірден ауылдағы өте сыйлы кісі болып өтті.

Қарашаш Қосыммен отасқан- нан кейін қатарынан үш қыз тапты. Өзі де қатты қайғырып, ең болмаса біреуі ұл болмады-ау деп жүргенде тағы да құрсақ көтереді. Айы-күні болғанда Қарашаш оңаша жерде жалғыз өзі босанғысы келеді. Құдайдан күні-түні ұл бала тілейді. Бал- герлер келесі нәресте ұл болады деп болжаудың өзіне қиналды. Қарашаш та ұл баладан күдер үз- гендей еді.

Қосымның бәйбішесінің Тілес деген баласы жылқыны суға қарай қайырып, ауылға атпен келе жатса, қалың қамыс ішінен жас баланың жылаған дауысын естиді. Келсе, кіші шешесі Қа- рашаш жаңа туған баланы орап алып отыр екен. Ол күліп: «Інілі болдың», - дейді. Тілес қуанған- нан мініп келген атын ұмытып, ауылға қарай бір күліп, бір жы- лап жүгіріп келеді. Ауылға келіп:

«Сүйінші! Сәкең шешем ұл тапты. Өзі қамыс арасында, менің атым тұрған жерде» деп айқайлайды. Әйелдер сол жаққа қарай  қозғала  бастаған. Үлкендер

«Келінді жаяу жүргізбей, жолма үй тігіңдер. Қалжаны сол жерден беріңдер, бойын алғасын ауылға келер» депті.

Баланың атын Қолдасбай қойды. Одан кейін Шопанияз, Шопанбек деген ұлдар дүниеге кел- ді. Бұлардан басқа тағы бірнеше ұл туып, ағаларына бала қылып береді. Сәкең шешей ұзақ жа- саған, өте беделді адам болған.

Қолдасбай батыр тұлғалы әдемі жігіт болып өсті. Бабық Мыңбайдың түркімендермен соғысында оның оң қолы болды. Мыңбай Қаракісіге сәлем айтып:

«Келесі жылы Қолдасбайды бас қылып, 50 адам жіберерсіз» депті. Келесі жылы екі жақ келісіп, енді екі халық арасында соғысты тоқтатуға келісімге келген.

Қолдасбай туралы аңыз әңгімелер баршылық. Ол Хиуада бүкіл қазақтар мен қарақал- пақтарға азап беріп тұрған сарттың палуанын ережесіз күресте жеңген. Сарт палуаны тұра алмай, жатып қалған. Қолдасбай 38 жасында аурудан қайтыс болды. Балалары жастайынан шетіней берді де ұрпақсыз қалды.

Шопанияздан бала көп болға- нымен, жұқпалы аурулар жайпап кетті. Тек бір қыз баласынан ұрпақ бар. Олар Бейнеуде тұратын МӘДІҚАЛОВ Сәбит, Меңдіқара, Қабыс деген азаматтар, бәрі де механизатор, әңгімеге шешен жігіттер еді. Бәрі де өмір- ден өтті, ұрпақтары бар. Көрші тұрғандықтан оларды жақсы танитынмын. «Махамбетке қайсың тарттыңыз?» десем, «араға бір- неше ата түсті, Махамбеттің қаны бізде азғантай болып қалды ғой» деп күлетін.

Қарашаштың Шопанбек деген ұлынан ұрпақ бар: Барақ, Сүлеймен. Асау Барақтың балалары – Дәуіт, Дүкен, Төлетай, Төлеп. Барлығы да көп балалы, қазір шамамен 25 үй болды. Осы әңгімені Төлетай мен Төлептен естідім. Екеуін салыстырғанда айырмашылық болмады. Бұл әңгімені Барақ жырмен айтады екен, балалары толық жат- тамаған, не жазып алмаған, тек үзік-үзік сөздер қалған.

Өтемістің қыздары болғанын ешбір әдебиеттен оқи алмадым. Бірақ оларды көрмесем де «Біз Махамбеттің қарындасынан тудық» деген адамдарды талай тыңдадым. Қарашаш – менің Қаракісі нағашымның келіні, маған нағашы шешелерімнің бірі болды.

Редакциядан: оқырман жолдаған өте қызық
тақырыпты аймақтағы әдебиетші ғалымдар
назарына да ұсынғымыз келеді. Себебі
Махамбеттің «Жалғыздық» өлеңінде:
«...Заманым менің тар болды
Тура әділдік биде жоқ.
Бәрін айт та бірін айт
Қаумалаған қарындас
Қазақта бар да менде жоқ» дег

Жұлдызбай ЕСБОСЫНОВ зейнеткер, Ақтау қаласы

 


Поделиться:

Назад в категорию