Мұнайдың бареллі 29 долларға дейін түсіп кетті

Мұнайдың бареллі 29 долларға дейін түсіп кетті

Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 30 доллардан да төмендеп кетті, ал рубльге шаққандағы бір АҚШ доллары 75-тен жоғары болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ертең осыған байланысты (еркін дәліз жағдайында) USD/KZT бағамы 440-ты иектеп қалады деп ойлаймын, - деп жазды @tengenomika телеграм-арнасы .

Сонымен бірге, сарапшылар мұнай нарығындағы ахуал одан әрі нашарласа, ОПЕК + қатысушылары келіссөз үстеліне отыруға мәжбүр болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Баға үшін соғысып, үстел басына отырған қақтығысушы тараптардың ешбірі мұндай сценарий болады деп күтпегені анық, делінген хабарламада.


Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию