Нығматулин Өзбекстан Президенті Мирзиёевпен кездесті

Нығматулин Өзбекстан Президенті Мирзиёевпен кездесті

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Өзбекстанға ресми сапар барысында осы елдің Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Палата Спикері Өзбекстан Президентіне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ізгі сәлемін жеткізе отырып, Нұрсұлтан Әбішұлының өзбек халқына және екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға деген ерекше ықыласын атап өтті.

Кездесу барысында қос мемлекет арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі тереңдетудің өзекті мәселелерін жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар Мәжіліс Төрағасы Қазақстан мен Өзбекстан көшбасшылары арасындағы барлық стратегиялық келісімдерге заңнамалық қолдау көрсетуге дайын екендігіне тоқталды.

- Осы бауырлас елде өткен барлық кездесулер Өзбекстан халқының Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген ерекше ниетін, ерекше құрметін көрсетті. Себебі Нұрсұлтан Әбішұлының және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің салиқалы саясатының арқасында біздің елдеріміз қай салада болса да - экономика болсын, мәдени болсын, барлық жағынан жоғары дәрежеге жетті. Парламенттік байланыс та соның нәтижесінде жаңа деңгейге көтерілді. Осы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында біз өзбекстандық әріптестермен нақты келісімдер жасадық. Енді алдағы уақытта бірқатар бірлескен шараларды қолға алатын боламыз, - деді Өзбекстандағы ресми сапарын қорытындылағанМәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин.



Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию