Қош бол, WSB! "Astana Arlans" бокс клубы таратылады

Қош бол, WSB! "Astana Arlans" бокс клубы таратылады

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын абыроймен қорғап, үш рет жеңіс тұғырынан көрінген "Astana Arlans" бокс клубы таратылатын болды. Бұл туралы бүгін есеп беру конференциясында Қазақстан бокс федерациясы ұйымының вице-президенті Данияр Әбілғазин хабарлады. 

- "Astana Arlans" бокс клубы таратылады. Бұл жобадан шығу туралы шешім қабылдадық. Келесі маусымнан бастап бұл жарысқа қатыспаймыз, - деді жиын кезінде. 

Айта кетейік, "Astana Arlans" WSB жобасындағы ең табысты командалардың бірі болды. 2012/2013, 2014/2015 және 2017 жылдары жарыс жеңімпазы атанды. Еліміздегі ең мықты боксшылар да осы жоба аясындағы жекпе-жектерде бақ сынап, тәжірибелерін шыңдады. 

Спорт әлемінде де бағы тайған бәсекелер болатыны жасырын емес. Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) да соңғы жылдары ұйымдастырылуы жағынан кері кетті. Көп командалар бірер маусым ғана қатысып, кейіннен жарысқа қатысудан бас тартумен болды. 

Қазіргі таңда Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) ғана емес, әуесқой бокстың басына бұлт үйірілген кезең болып тұр. Себебі Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) бокс спортын 2020 жылғы Токио Олимпиадасы бағдарламасынан алып тастау жайын қарауда.  



Источник: massaget.kz

Поделиться:

Назад в категорию