Оқушылардың көлік картасын онлайн режимде рәсімдеуге болады

Оқушылардың көлік картасын онлайн режимде рәсімдеуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалықтар 7 наурыздан бастап балалардың атаулы көлік картасын www.transcard.kz сайтында онлайн тапсырыс бере алады.

Қажетті құжаттар: 

7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін Туу туралы куәлігі; 

Оқу орнынан анықтама; 

3х4 сурет (ақ фонда; 16 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін жеке куәлігі; 

Оқу орнынан анықтама; 3х4 сурет; 

Сайтта көлік картасын шығару үшін төлем жасай аласыз. 

Құны – 400 ₸. 5 жұмыс күннің ішінде электронды поштаңызға картаның дайындығы туралы хабарлама келеді. Баланың атаулы көлік картасын ата-анасы Қошқарбаев көшесі, 50/1 мекен-жайында орналасқан орталық кассадан ала алады. 

Қажетті құжаттар: ата-анасының жеке куәлігі және атаулы көлік картасы. Жеке куәлік алған жасөспірімдер өздері алады.

 


Источник: baq.kz

Поделиться:

Назад в категорию