Президент әскери қауіп тудыруы мүмкін жағдайларды талдауды күшейтуді тапсырды

Президент әскери қауіп тудыруы мүмкін жағдайларды талдауды күшейтуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұрат Бектанов Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери дайындығының жағдайы және елімізді қорғау жоспарларын жүзеге асыру жөніндегі бас штабтың жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қауіп тудыруы мүмкін жағдайларды талдау жұмыстарын күшейту, Қарулы Күштерді одан әрі дамытудың концептуал жолдарын әзірлеу қажеттігін айтты.

Мұрат Бектанов Президентке осы күндері өтіп жатқан “Айбалта-2019” стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу туралы да баяндады.

Кездесудің соңында Мемлекет басшысы әскери саясат саласындағы мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіру, әскери тәртіп деңгейін күшейту және өтіп жатқан оқу-жаттығу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берді.


Источник: baribar.kz

Поделиться:

Назад в категорию