"Киелі Алтай" фотокөрмесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында «Киелі Алтай» фотокөрмесі өтеді, деп хабарлады altaynews.kz.

Бұған дейін жазда "Киелі Алтай" фотоэкспедициясы өткен болатын. Бір аптаға созылған экспедицияда Қазақстанның төрт бұрышынан келген кәсіби фотографтар Алтайдың тұмса табиғатын суретке түсірген еді.

Енді міне, "Рухани жаңғыру" бағдарламасындағы "Қазақстанның киелі жерлері" бағыты бойынша журналистика факультеті мен "Фотоөнер" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 8 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоратының фойесінде "Киелі Алтай" фотокөрмесі ашылады.

Фотокөрмеден соң 2018 жылдың әлемнің 10 үздік фотографтары қатарына енген Қытай Халық Республикасы Алтай этно-фотография қоғамының төрағасы, фотоөнер магистрі Серік Мұқышұлының журналистика факультетінде  шеберлік сабағы өтеді.

Ауқымды іс-шара алдағы уақытта Өскемен және Семей қалаларында жалғасады.


Источник: baq.kz

Поделиться:

Назад в категорию