"Манчестер сити" тағы да Англия чемпионы атанды

Ағылшын премьер-лигасының соңғы турында "Манчестер Сити" 4:1 есебімен "Брайтонды" жеңіп, өз тарихында тұңғыш рет Англия чемпионы атағын сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сити" 98 ұпай жинап, "Ливерпульден"1 ұпайға озып кетті. Осылайша қатарынан екінші жыл чемпион атанып отыр.

Бұған дейін "Сити" 1936/37, 1967/68, 2011/12, 2013/14 және 2017/18 маусымдарда чемпион атанған.

Биыл сондай-ақ Англия Лигасының кубогын жеңіп алған "Манчестер сити" 18 мамырда Англия кубогының финалында "Уотфордпен" кездеседі.


Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию