ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы тағайындалды

Анар Жайылғанова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анар Нұралықызы Жайылғанова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын, делінеді ҚР Преиздентінің жарлығында.Соңғы қызметі: Парламент Мәжілісінің депутаты 

Еңбек жолы:

· ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтында ғылыми қызметкер (1991);

· ОҚО (Шымкент) сотында аға кеңесші (1994-1997);

· Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы (Шымкент) (1997-1999);

· ҚР Әділет министрлігінде басшының орынбасары, басқарма бастығы (06.1999-12.1999);

· ҚР Президент әкімшілігінде мемлекеттік-құқықтық бөлімнің аға сарапшысы (12.1999-09.2000);

· ҚР Жоғарғы соты төрағасының кеңесшісі (09.2000-12.2004);

· ҚР Жоғарғы сотының судьясы (12.2004-03.2008);

· ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі (13.03.2008-01.2016)

· "Нұр Отан" партиясының мүшесі (01.2016 бастап);

· "Құрмет" ордені (2009);

· "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" (2005), "Астанаға 10 жыл" (06.2008), "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" (2011), "Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін" (2014), "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл", "Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл" медальдарының иегері.



Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию