Сайлау күні Алматыда автобус пен метро тегін болады

Сайлау күні Алматыда автобус пен метро тегін болады

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы жоспарланған 9 маусым күні Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Zakon.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап.

9 маусым күні қаладағы қоғамдық көліктердің барлық түрі кесте бойынша жұмыс істейді, жол ақысы тегін болады.

"Сол күні шамамен 700 мың жолаушы тегін жол ақысын пайдаланады деп жоспарлап отырмыз", – деді Алматы жолаушылар тасымалы кәсіпорындары қауымдастығы.

Биыл жолаушы тасымалдайтын компаниялар жаңадан тағы 430-дан астам автобус сатып алуды көздеген. Жыл басынан бері қала көшелеріне 156 жаңа автобус шықты, олар халық көп жүретін №65, №31, №60, №81 және №14 маршруттарға қойылды.

 

Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию