Шымкентте жұмыс жәрмеңкесі алғаш рет Open air түрінде өтеді

Шымкентте жұмыс жәрмеңкесі алғаш рет Open air түрінде өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарға орналасу тәртібін жан-жақты түсіндіру, сондай-ақ жастардың арасынан дарынды және білікті кадрларды тарта отырып, қаладағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің үйлестіруімен «Бос лауазымдар жәрмеңкесі» өтеді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, жастарға мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін барынша қамтамасыз ету үшін жәрмеңкені мемлекеттік органда емес, қандай да бір жабық ғимаратта емес, ашық аспан астында арнайы жастардың ордасы болып саналатын Арбатта жұмыс аптасының соңы – 14 маусым күні сағат 19.00-де бейресми жағдайда бастау жоспарлануда.

«Халықтың түрлі топтағы азаматтары, әсіресе диплом алған жас бітіруші түлек те, көптен бері жұмыс іздеп жүрген азаматтар та, жоғары жалақы іздеген адамдар да мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдар жәрмеңкесіне келіп, іздегенін таба алады», - делінген хабарламада.

Ал егер де мемлекеттік лауазымға тағайындалмас бұрын кәсіби тәжірибе мен дағды қажет болса, департаменттегі «Мемлекеттік қызмет мектебі» туралы және іріктеу кезеңдері бойынша толыққанды ақпарат алуға болады.


Источник: baq.kz

Поделиться:

Назад в категорию