Спортшылар Абай өлеңдерін жатқа оқыды

Спортшылар Абай өлеңдерін жатқа оқыды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай Құнанбаевтың туған күніне орай, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті қазақ ойшылының өлеңдерін жатқа оқуға арналған #Абай175 челленджіне өз үлесін қосты, деп хабарлады olympic.kz. 

Ұлттық Олимпиада комитетіне қарайтын бірнеше спорт федерациясының өкілдері Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңін жатқа оқыды. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті "Астана" Президенттік клубынан эстафетаны қабыл алған болатын.  

Челленджге атсалысып, Абай өлеңін дәріптегендер қатарында бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай, жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, дзюдодан әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Елдос Сметов, көркем гимнастика өкілі Алина Әділханова, гимнаст Нариман Курбанов, могулшы Юлия Галышева, боксшы Абылайхан Жүсіпов, үстел теннисінен команда үздігі Кирилл Герасименко, семсерлесу өкілі Эльмир Алимжанов, каратешілер Дархан Асаділов пен Софья Берульцева, синхронды жүзуден команда мүшелері, апалы-сіңлілі Немичтер, биатлоншы Роман Еремин, садақ атушы Санжар Мұсаев, академиялық есуден команда мүшесі Светлана Германович, байдаркада есуші Дәулет Сұлтанбеков, таеквондошылар Руслан Жапаров пен Жансель Дениз, ватерполшы Мирас Әубәкіров, гандболшы Жанерке Сейтқасым, регбиші Балжан Қойшыбаева, нысана көздеуден команда мүшесі Эльдар Иманқұлов, шорт-трекші Еркебұлан Шамұханов, бадминтоншы Дмитрий Панарин, дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг, шаңғымен тұғырдан секіруден команда мүшесі Сергей Ткаченко, тректегі велоспорттан құрама үздігі Артем Захаров, балуандар Нұрислам Санаев пен Алмат Кебіспаев, бессайысшы Ардақ Ахидуллаева, баскетболшы Рүстем Ерғали, ауыр атлет Раушан Мешіиханова, волейболшы Кристина Аниконова, триатлоншы Дарын Қонысбаев, жеңіл атлет Ольга Сафронова, фристайл-акробатиткадан команда мүшесі Жанбота Алдабергенова, теннисші Тимур Хабибуллиндер бар.  

Ұлттық Олимпиадалық комитет аталған челленджі Қазақстанның Паралимпиадалық комитетіне жолдады.  


Источник: baq.kz

Поделиться:

Назад в категорию