Тасмағамбетов Мәскеуде Ержан Максимді Игорь Крутоймен таныстырды

Тасмағамбетов Мәскеуде Ержан Максимді Игорь Крутоймен таныстырды

Ресейлік композитор, продюсер Игорь Крутой қазақстандық жас әнші Ержан Максимді өзінің музыкалық академиясына шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Достар, Мәскеуге жасаған сапарым сәтті болды. Неге дейсіз ғой, мен ең алдымен, еліміздің аптал азаматы Иманғали Нұрғалиұлымен кездестім. Сол кездесуіміздің нәтижесі ретінде көптен бері армандап жүрген атақты композитор, продюсер Игорь Крутоймен таныстым. Мені студияда тыңдаған маэстро мені ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Мен қуана келістім. Енді достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын. Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол, – деп жазды әнші өз парақшасында.


Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию