Төлем қабілеті төмен халыққа баспана алудың жаңа мүмкіндігі пайда болды

Төлем қабілеті төмен халыққа баспана алудың жаңа мүмкіндігі пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі халықтық инвесторларды тартпақ. Қаржылық институттың Қазақстан қор биржасында орналастыратын облигациялары келесі аптадан бастап саудаға түседі, деп хабарлады Almaty.tv.

Бағалы қағаздардың жылдық кірісі  9,5 - 10,5%-ды құрайды.

«Өнім желісін кеңейту мақсатында және алғашқы жарна ретінде баспананың 50% құнын жинау қиынға соғатын халық үшін осы облигацияларды орналастырып отырмыз. Және жыл соңына дейін оны «Әскери баспана» және «Өз үйім» бағдарламаларына жұмсау жоспарда бар», – деді  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», - деді банктің басқарма төрайымы Ләззат ИБРАГИМОВА.

Сонымен қатар, банк өкілдері «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты – табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға несие беру бағдарламасын дайындап жатқанын айтты. 

«Бақытты отбасы» деп аталатын бұл бағдарлама банкке республикалық бюджеттен 50 млрд теңге түскеннен кейін іске қосылмақ.


Источник: baq.kz

Поделиться:

Назад в категорию