Төтенше жағдайлар туралы хабарлайтын Darmen қосымшасы пайда болды

Төтенше жағдайлар туралы хабарлайтын Darmen қосымшасы пайда болды

Бұл жобаны Smart Almaty концепциясын іске асыру аясында Алматының төтенше жағдайлар департаменті, Даму орталығы мен I2NIK ЖШС-і жасаған.

Мобайл қосымшаны Android және IOS базасындағы смартфон мен планшетке қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеуге болады. Қосымша бүгінге дейін 2000 рет жүктелген.

Darmen қосымшасын өңдеу үшін Жапония мен АҚШ-тың тәжірибесі қолданылды. Ол Алматының маңайында болуы мүмкін жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар қаупі туралы бірнеше секундта хабардар етеді.

Төтенше жағдайлар департаменті әуелі “Қазгидромет” пен “Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы” кәсіпорындарынан жедел деректерді алады. Содан кейін департаменттің кезекшісі жедел деректерді жүйеге енгізіп, push-қосымшаны қолданатын желі пайдаланушыларына тез арада хабарландыру жібереді.

Мобайл қосымша сынақтан сәтті өткен. Ол осыған дейін қолданылған SMS-ескертулермен салыстырғанда хабарландыруды жеткізу жылдамдығы бойынша тиімді болып шықты. Сонымен 2019 жылдың 15 сәуірінен бастап төтенше жағдайлар қызметі алматылықтарға ескертулерді SMS-пен ғана емес, Darmen қосымшасы арқылы да хабарлайды.

Бұл мобайл қосымшаны App Store мен Play Market-тен Darmen деген атауды енгізіп, оңай таба аласыз.


Источник: baribar.kz

Поделиться:

Назад в категорию