Туристер бөтелкедегі хабарламаны тауып алып, отбасын құтқарып қалды

Туристер бөтелкедегі хабарламаны тауып алып, отбасын құтқарып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Калифорния штатындағы Арройо Секо өзеніндегі сарқыраманың басында қалып қойған отбасы, бөтелкеге жазып жіберген хабарламаның арқасында аман қалады. Бұл туралы Lenta.ru сайты хабарлады.

Шілде айында 44 жастағы Кертис Уотсон сүйіктісі және 13 жасар ұлымен Салинас өзені бойымен жүзіп өтпек болған. Жеті жыл бұрын ер адам бұл өзенмен жүзіп өткен, сол себепті жолдарын жақсы білетін. Отбасы саяхаттың үшінші күні 12 метрлік сарқыраманың басына келгенде, отағасы төмен түсетін арқанның жоғалып кеткенін байқайды.

Уитсон бұл кері қайтудың ең қауіпсіз жолы екенін айтады. Сол себепті отбасы еш байланыс құралынсыз шатқалдың басында қалып қояды. Содан ер адам отбасын құтқару үшін ағашқа «бізге көмектесіңдер» деп жазып, оны суға тастап жібереді. Ағаш тым жеңіл болғандықтан сумен төмен ақпай қояды. Кейін ол пластик бөтелкені алып, оның жан-жағына "HELP" сөзін қырып жазып, қағазға өздерінің қай жерде қалып қойған координаттарын жазып, бөтелкенің ішіне салып, оны суға ағызып жібереді.

Кейін олар құрғақ жер тауып тастармен SOS сөзін жазып қояды. Түн ортасында оларды құтқарушылардың дауыс зорықтырғышы оятып жібереді.

«Бұл құтқарушылар тобы, орындарыңызда болыңыздар, таңертең келіп алып кетеміз», - деп хабарлайды олар.

Кейін отбасы өздерінің жіберген бөтелкелерін екі турист тауып алғанын біледі. Олар бөтелкедегі хатты оқып, жергілікті құтқару тобына хабарласып, мән-жайды айтып берген. Түнгі уақытқа қарамастан құтқару тобы отбасын іздеуге тікұшақпен шыққан. Олар биіктіктен жылу сезгіш құрылғылар арқылы отбасы жаққан отты көріп, сол арқылы тауып алған.

Тікұшақ ұшқышы Джо Кингман 23 жыл қызметінде бөтелкедегі хабарлама арқылы адам өмірін құтқарғанын бірінші рет көріп тұрғанын айтады.

 

Источник: baq.kz

Поделиться:

Назад в категорию