Вашингтондағы Қазақстан елшілігінде қазақ жастары неке қиды

Вашингтондағы Қазақстан елшілігінде қазақ жастары неке қиды

Қазақстанның Вашингтондағы елшілігінде Америкада білім алып жүрген қазақстандық жастар Қуат Абрау мен Мейіргүл Қалешова неке қию рәсімін өткізді деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Жұбайларға неке куәлігін елшіліктің консулдық бөлімінің жетекшісі Алмаз Садыров табыстаған.

"Жас отау иелері - "Болашақ" бағдарламасының стипендианттары. Олар қазір Бостон университетінің магистратурасында оқып жүр. Екеуі Нұр-Сұлтан қаласында "Болашақ" халықаралық бағдарламасына қатысу үшін құжат жинап жүргенде танысқан",- делінген хабарламада.

Источник: nur.kz

Поделиться:

Назад в категорию