Үйде отырып. Коронавирус жағдайында банк қызметтерін қалай алуға болады

Үйде отырып. Коронавирус жағдайында банк қызметтерін қалай алуға болады

15 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус таралуы қауіпіне байланысты Қазақстанда төтенше жағдай режимін енгізді. Оның алдында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарды халық көп жиналатын қоғамдық жерлерге барудан бас тартуға шақырды.

Zakon.kz редакциясы бұл жағдайда үйден шықпай-ақ несие рәсімдеу мен несиені жабу, ақша алу мен аудару, депозит ашу мен оны толықтыру және басқа да көптеген банк қызметтерін алу үшін не істеуге болатынын анықтады. Банк бөлімшелерінде жиі адам көп болатыны жасырын емес.

Редакция сауалына "Банк Хоум Кредит" хабарлағандай, қазақстандықтар ең қажет деген банк қызметтерін Home Credit Bank Kazakhstan мобильді қосымшасы арқылы тегін ала алады. Бөлімшеге барудың қажеті жоқ. Мобильді қосымшаны кез-келген уақытта жүктеп алуға болады.

Банк қазақстандықтардың үйден шықпай, қашықтан ала алатын қызметтер тізімін қоса ұсынды:

- "Банк Хоум Кредит" карточкалары арасында/ҚР кез-келген банк карточкаларына еш комиссиясыз ақша аудару;

- Қазақстандық кез-келген банк карточкаларынан еш комиссиясыз депозит ашу/толықтыру;

- 100% онлайн-кредит рәсімдеп, ақшаны ағымдағы шотына түсіре алады (банктің қазіргі клиенттері үшін);

- ҚР кез-келген банкінің карточкасынан несиелерін төлей алады:

- Тегін жеткізілетін "Home Card" дебеттік карточкаларын ашу;

- Ұялы байланысқа ақша төлеу, коммуналдық төлемдер және +500 басқа да төлемдер;

- Валютаны тиімді бағаммен кез-келген уақытта конвертациялау;

- Қарыздардың жоқтығы туралы анықтамаларға тапсырыс беру.

ҚР азаматтары косымшамен Playmarket және AppStore арқылы танысып, жүктеп ала алады.



Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию