Жаңа iPhone 11 шықты

Жаңа iPhone 11 шықты

Apple компаниясы АҚШ-тың Купертино қаласында жаңа iPhone 11, iPhone 11 Pro және iPhone 11 Pro Max телефондарын таныстырды, деп хабарлайды РИА Новости.

Жаңа iPhone 11-дің үш камерасы бар: бірі қараңғыда түсіре алады, бірі 4К сапасымен видео түсірсе, сыртқы камерасы баяу режимде видео түсіре алады.

iPhone 11-ге диагоналі 6,1 дюймдік Liquid Retina дисплейі орнатылған.

iPhone 11 iPhone XR-мен салыстырғанда 1 сағат артық жұмыс істей алады.

Смартфон алты түспен шығарылады. Ең iPhone 11-дің арзан Бағасы 699 доллар болады. Одан қымбат екі моделінің құны – 999 доллар және 1099 доллар болады.

Смартфондарға секундына триллионнан астам операция орындай алатын аса жылдам A13 процессоры орнатылған.

Жаңа iPhone 11-лер 20 қыркүйектен бастап сатылымға түседі.

 


Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию