Жапония туристерге жаңа салық түрін енгізді

Жапония туристерге жаңа салық түрін енгізді

Күншығыс еліне келген туристер 7 қаңтардан бастап елге кіргені үшін салық төлейтін болады. Бұл туралы Kyodo news агенттігі хабарлады. 

Жапониядан теңіз және әуе жолдары арқылы шығатын жолаушылар  1000 иен көлемінде салық төлейді. Бұл шамамен 9 АҚШ доллары шамасында. Жаңа заң барлық ел туристеріне қатысты. Оның ішінде қазақстандықтар да Жапонияға барса бұл салықты төлейтін болады. 

Жапония қаржы министрлігі хабарлауынша, биыл елге 40 миллионға жуық турист келетін көрінеді. 

Жаңа салық түрінен түскен қаржы елдегі халықаралық әуежайларды жөндеу жұмыстары мен тарихи ескерткіштерді қалпына келтіруге жұмсалмақ. 

Бұл салықтан тек депортациялауға ұшыраған азаматтар, екі жасқа дейінгі балалар, транзиттік жолаушылар, дипломаттар мен арнайы үкіметтік рейстермен қатынайтындар босатылады.

 


Источник: massaget.kz

Поделиться:

Назад в категорию