Жас педиатрлар жиынында жүзден астам ғылыми жоба ұсынылды

Жас педиатрлар жиынында жүзден астам ғылыми жоба ұсынылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 90 жылдығына орай "Жас зерттеуші: заманауи педиатрия және балалар хирургиясы дамуының сын-тегеуріні мен келешегі" атты тақырыпта докторанттар, магистранттар мен резиденттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Халықаралық деңгейде өткен конференцияда  педиатрия және хирургия саласы бойынша 100-ден астам ғылыми жұмыстар, арнайы баяндамалар, мақалалар  және постерлік баяндамалар ұсынылды.  Конференция барысында балалардағы ауруларды емдеу мен диагностикалаудың заманауи әдістері,  балаларға медициналық көмек беруді ұйымдастырудың аспектілері,  сирек ауруларды емдеу мен диагностикалауы жетілдіру мен жаңа стандарты, түрлі хирургиялық және соматикалық патологиялары бар балаларды оңалту мәселесі қаралды. 

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Басқарма төрайымы Риза Боранбаева заманауи медициналық ғылым мен практиканың дамуы жас ғалымдардың ғылыми әлеуетінсіз мүмкін емес екенін айтады. 

Біз жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыру, жас ізденушілерді ғылыммен айналысуға шақыру мақсатында осымен 3 жыл қатарынан бұл шараны өткізіп отырмыз. Ғылыми-зерттеу жұмыстар тәжірибемен ұштасуы керек. Ертеңгі медицина бүгінгі жастардың қолында. Бүгінгі конференция балалар жасындағы ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алудағы негізгі мәселелерді саралап, дұрыс жолды айқындауға мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Әр дәрігер қай жерде қызмет істемесін, әрқашан өз жұмысына анализ жасап, зерттеу жүргізіп  отыруы керек,-дейді ол.

Аталған шараны Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, "Педиатрлар Одағы" қоғамдық бірлестігі мен С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың балалар аурулары кафедрасы бірлесіп ұйымдастырған. Конференцияға Қырғызстан,  Әзірбайжан,  Өзбекстан елдерінің мемлекеттік медицина институттарының жас ғалымдары, Нұр-Сұлтан,  Семей,  Түркістан,  Шымкент,  Ақтөбе,  Алматы қалаларының медициналық ЖОО-ның докторанттары мен  магистранттары және жас педиатрлар мен балалар хирург-дәрігерлері қатысты.


Источник: baq.kz

Поделиться:

Назад в категорию