Жер сату мәселесін Ұлттық кеңеске кіргендер қарастырады

Жер сату мәселесін Ұлттық кеңеске кіргендер қарастырады

Жер сату мәселесін Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі талқылайды, деді Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді сату мен жалға берудің мораторийіне байланысты: ауыл шаруашылығы министрлігінде заң жобасының тұжырымы таныстырылды, өңірлерге шығу мен жер мәселесін халықпен талқылау кестесі бекітілді. Жер сату мен жалға беру мәселесі 2019 жылдың соңына дейін Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қарауына шығарылады, - деді Қасымбек.

15 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев жерді тиімді пайдалану мәселесін көтерген болатын. Оның сөзінше, ауыл шаруашылық алқаптарын түгендеу барысында пайдаланылмаған 16,5 млн гектар жер анықталды. Ол үкіметке барлық ауыл шаруашылық жерлерді тексеріп, жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрландыруды тапсырған болатын.

- Үкімет жердің рационалды пайдаланылуын қадағалай бастады. Бұл жұмысты соңына дейін аяқтау қажет. 2021 жылы жер кодексінің нормаларына енгізілген мораторий аяқталғанда біз жер мәселесі бойынша түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Парламент мүшелері, халық осы мәселе бойынша өзі шешім қабылдайды. Ал шетелдіктерге келер болсақ, жер оларға сатылмайды , - деген еді Тоқаев.


Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию