Жолаушылар пойызына билет сататын ресми сайт жабылып жатыр

Жолаушылар пойызына билет сататын ресми сайт жабылып жатыр

Елімізде жолаушылар пойызына билет сатып алатын ресми сайт (epay.railways.kz) жұмысын доғарады, деп хабарлайды "Хабар-24".

"2019 жылдың 15 қыркүйегінде epay.railways.kz сайтының жабылуына байланысты, 1 тамыздан бастап электрондық теміржол билетін сатып алу және пайдаланушылардың тіркелу қызметі жабылады", – делінген хабарлмада.

Дегенмен, 2019 жылдың 1 тамызынан бастап 45 күн аралығында сатып алған электронды билеттерді қайтару және басып шығарып алу мүмкіндігі сақталады.

"2019 жылдың 1 тамызынан бастап теміржол билеттерін bilet.railways.kz сайтынан сатып алуға мүмкіндік беріледі. Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз!" делінген хабарламада.

 

Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию